Бас тартусыз микронесие

Несие беруден бас тарту — көптеген қарыз алушылар кезігетін стандартты жағдай. Себептері әртүрлі болуы мүмкін — нашар тарих, нөлдік рейтинг, жас мөлшері, төмен табыс және т.с.с. Ең қиыны — банктен ақша алу. Ондағы ережелер қатаңырақ, ал талаптар көбірек. Ал ақша шұғыл қажет болса не істеу керек?

CashRadar сервисінде өтініш қалдырыңыз. Сіздің сауалнамаңыздың негізінде сервис МҚҰ-лардың микронесиелерін іріктеп шығады. Тізімнен ұсынысты таңдаңыз және екі минуттың ішінде мақұлдауға ие болыңыз.

Несие беруден бас тартудың себептері

Талаптарының аз болуына қарамастан тіпті МҚҰ-да да рәсімдеу барысында қиындықтар туындауы мүмкін. Тәжірибеде бас тартудың төмендегідей негіздемелері кездеседі:

  • Нашар несие тарихы. Егер банктен немесе басқа қаржы ұйымынан бұрын-соңды қарызға ақша алмаған болсаңыз (нөлдік рейтинг), төлемдерді кешіктірген және төлемеген кездеріңіз болған болса, несиенің мақұлдануын алу әлдеқайда қиындайды.
  • Сауалнамадағы жалған ақпарат. Қателесіп көрсеттіңіз бе немесе дұрыс емес деректерді әдейі көрсеттіңіз бе — несие ала алмайсыз. Толтыру кезінде қателесуге жол бермеу үшін барлық алаңдарды мұқият тексеріңіз.
  • Соттылық. Соттылығыңыз бар болса, Қазақстанда кез келген ресми ұйымнан қарызға ақша алу қиын болады.
  • Бейресми жұмыс. Жұмысбастылық — шешім қабылдау кезіндегі түйінді фактор, себебі бұл қаражаттың қайтарылуының кепілдігі.
  • Төмен төлем қабілеттілік. Егер табысыңыз өміріңізге әрең жететіндей төмен болса, банктік несиені Сізге мақұлдамайды.
  • Ағымдағы міндеттемелер. Өтінішті қарастыру барысында борышкерліктер мен міндетті төлемдер (айыппұлдар, алименттер) есепке алынады.

Бас тартусыз қарызға ақша алу мүмкіндігін CashRadar сервисінде рейтингті тексеру функциясының көмегімен бағалауға болады. Нысанды толтырғаннан кейін Бірінші несие бюросынан өзіңіздің профиліңіз туралы деректерді аласыз. Олардың негізінде қаржы ұйымдары Сіздің сұранымыңыз бойынша шешім қабылдайды.

Бас тартусыз микронесиені картаға қалай алуға болады?

Дұрыс толтырылған сауалнама — шешімге әсер ететін фактор. Менеджерлермен сөйлескен кезде қандай да бір жайттарды жасыруға тырыспаңыз, себебі барлық компаниялардың бірыңғай базаға қолжетімділігі бар. Сіздің айтқан сөзіңізді оңай тексеріп көруге болады.

МҚҰ нені талап етуі мүмкін:

  • паспорттың фотосуреті;
  • табысты растайтын құжат (жалақы туралы анықтама немесе т.б.);
  • Қазақстан Республикасындағы тіркелу.

Нысанда Сіз байланыс деректеріңізді де — телефон нөміріңізді, электронды поштаңызды көрсетесіз. Бұл тек байланыс үшін ғана емес, шартқа қол қою үшін де қажет. Біздің сервисіміз автоматты түрде ұйымдарға жіберілетін онлайн-сауалнама толтырудың есебінен үдерісті жеңілдетеді. Жүйе бас тарту ықтималдығы төмен ұсыныстарды іріктейді.

Картаға микронесие алуға өтінішті қалай рәсімдеу қажет?

Картаға ақша алу туралы сұранымды рәсімдеу 10 минуттан көп уақытты алмайды. Сізге керегі:

  • CashRadar сервисінде сауалнама толтыру — ТАӘ, паспорттың нөмірін, тұрғылықты жеріңізді және т.б. көрсету;
  • қажетті соманы және қайтару мерзімін көрсету;
  • карта деректерін қосу;
  • тізімнен ұсынысты таңдау;
  • файлдарды жіберу;
  • ақша алу.

Сұрақ-жауап

  1. Егер бір кредитор маған ақша беруден бас тартса, басқа жерден несие ала алмаймын ба?

Бірыңғай олай емес, себебі әрбір компанияның өз шарттары бар. Картаға бас тартусыз қаражат алуға өз мүмкіндіктеріңізді бағалау үшін несие тарихыңызды тексеріп көруге кеңес береміз.

  1. Бас тартуды қалай болдырмауға болады?

Талаптарды сақтаңыз: егер шарттарда ақша 21 жастан бастап беріледі деп жазылған, ал Сіздің жасыңыз 20-да болса — Сіз несие рәсімдей алмайсыз. Сауалнаманы мұқият толтырыңыз, менеджермен сыпайы сөйлесіңіз, сұрақтарға шынайы жауап беріңіз және құжаттарды қосып тіркеңіз.