Нашар несие тарихымен микронесие
Несие бермес бұрын Қазақстанның банктері мен көптеген МҚҰ адамның несие тарихын зерттейді. Бұл олар үшін тәуекелдерді азайту тәсілі. Егер қарыз алушы бұрын ақшаны уақтылы қайтарып отырған болса, жаңа қарызды да өтеу ықтималдығы жоғары. Төлемдерді кешіктірген адамдарға қарызға ақша алу әлдеқайда қиынырақ.
Егер бұрын өтеу мерзімдерін өткізіп алған болсаңыз немесе Сізге несие беруден бас тартылған болса, жаңа өтінішті жіберместен бұрын өз рейтингіңізді біліңіз. Мақұлдауға деген мүмкіндіктеріңізді жоғарылату үшін CashRadar сервисінде сауалнаманы толтырыңыз, сервис Бірінші несие бюросынан ресми деректерді сұратады. Борышкерліктер бойынша ақпарат тіпті нашар несие тарихы бар клиенттерге де микронесие алуға мүмкіндік беретін шарттары бар компанияларды іріктеуге көмектеседі.
Өз несие тарихыңызды қалай білуге болады?
Рейтингіңізді үш түрлі тәсілмен білуге болады. Біріншісі — өз аймағыңыздағы Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну. Ол үшін ХҚО-ға келу және ақпаратқа сұраным беру қажет. Екінші тәсіл — Бірінші несие бюросына жеке барып жазылу. Өз тарихыңызды тек жылына бір рет қана тегін білуіңізге болады. Бұл тиімсіз: егер бұрын рейтингіңіз нашар болып, бірақ борышкерлігіңізді өтеп шығып, өзгерістер туралы білгіңіз келсе, қызметтің ақысын төлеуге тура келеді. Үшінші тәсіл — өз сұранымыңызды CashRadar сервисінде онлайн түрде қалдырыңыз. Жазылу бойынша «Рейтингті білу» опциясын пайдалануыңызға болады. Сауалнаманы толтырғаннан кейін біз ақпаратты БНБ-дан сұратамыз. Нәтижесінде Сізге Қазақстандағы мерзімі кешіктірілген төлемдер және өтелмеген қарыздар туралы толық үзінді құжат беріледі. Бұл жаңа несие беру ықтималдығын бағалауға және Сіздің жағдайда қолжетімді ұсыныстар туралы білуге мүмкіндік береді.
Нашар несие тарихымен микронесиені қалай рәсімдеуге болады?
Банктердің өтініштерге қоятын талаптары жоғары — әдетте олар рейтингтері жақсы 21 жастан адамдарға ақша береді. Рәсімдеу үшін көп құжаттар және қарыз алушының жеке өзінің баруы қажет болады. Бірінші шешімді менеджер қабылдайды. Келбетіңіз, сөйлеу мәнеріңіз маңызды болады.
Шағын соманы МҚҰ-да алу әлдеқайда жеңіл. Алайда ұйымдардың бәрі бірдей бұрыннан қарызы бар адамға микронесие беруді мақұлдауға дайын болмайды. CashRadar сервисі бас тартуды болдырмауға көмектеседі. Рәсім 20 минуттан аспайды.
№1 кезең: нысанды толтыру
Рейтингті тексеруге қажетті барлық деректерді ұсыну қажет. Ол үшін сауалнаманы толтырыңыз: ТАӘ, жеке куәліктегі сәйкестендіру нөмірін, электронды пошта мекенжайын және деректерді верификациялау және шартқа онлайн қол қою үшін қажет болатын нақты телефон нөмірін көрсетіңіз. Бұл кезеңде соманы, өтеу мерзімін көрсету, мақұлдағаннан кейін ақша аударылуы тиіс картаның деректерін енгізу қажет.
№2 кезең: өтінішті талдау
Егер барлық деректерді дұрыс көрсеткен болсаңыз, тексеру 2 минут уақытты алады. Сервис БНБ-мен тікелей жұмыс істейді, сондықтан тарихыңыз автоматты түрде жүктеледі. Осыдан кейін жүйе борышкерліктеріңіз бен кешіктірілген төлемдерді есепке ала отырып ұсыныстарды іріктейді. Ұйымдар тізімінде өз жағдайыңызға сәйкес келетіндерінің ғана шарттарын көресіз.
№3 кезең: сауалнаманы жіберу
Сізге әрбір МҚҰ-ға өтініштер жіберу қажет емес — бұл автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл кезеңде тек несиенің тиімді шарттарын таңдау және ақпаратты растау қажет болады. Ол үшін келесілер қажет болады:
- жеке куәлік;
- табысты растау (жұмыс орнынан анықтама, пәтерді жалға беру шарты немесе шоттан үзінді);
- борышкерлік болған жағдайда өтеуді растау құжаты, мысалы, төлеу туралы чек Сізге қосымша артықшылық береді.
Жеке басыңыз бен табыстарыңыз расталғаннан кейін қажетті соманы кез келген банктің картасына алуыңызға болады.
Сұрақ-жауап
- Нашар тарихты қандай да бір жолмен түзеуге бола ма?
Иә. Мысалы, шағын сомаларға несиелер алып, оларды уақтылы төлеп отыруға болады. Барлық ұйымдар деректерді БНБ-ның бірыңғай базасына жіберіп отырады. Егер кешіктірілген төлемдер мен қарыздар болмаса, рейтинг жаңартылады да, қарыз алу жеңілдейді. Ақпарат жүйелі түрде — кемінде екі аптада 1 рет жаңартылып отырады.
- Неліктен банктер қара тарихы барларға несие беруден бас тартады, ал МҚҰ бас тартпайды?
Бұл олардың шарттарымен байланысты. Рейтингіңіз неғұрлым нашар болған сайын алатын ақшаңыз да соғұрлым аз, пайыздық мөлшерлеме мен төлемді кешіктірген жағдайдағы айыппұлдар соғұрлым көп болады. Нәтижесінде тәуекелдер табыстылық есебінен жабылады.
- Мақұлдау мүмкіндігін қалайша жоғарылатуға болады?
Көбірек деректеріңізді көрсетіңіз, табысыңызды артық қылып көрсетуге немесе қарыздарыңызды жасыруға әрекет жасамай, дұрыс ақпарат беріңіз. Және бір кеңес — нашар тарихыңызбен ұзақ мерзімге үлкен сомаларға сұраным бермеңіз.