Ақпараттық және жарнамалық жебірілімдерді алуға келісім

Мен, деректері тіркеу кезінде https://cashradar.kz/ сайтында көрсетілген жеке тұлға (бұдан әрі – «Пайдаланушы»), ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларының талаптарын орындау мқсатында (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына 2 қосымша) төменде көрсетілген ақпаратты ескере отырып, ақпараттық және жарнамалық жіберілімді алуға «Перфоманс КЗ» ЖШС-не (БСН: 210440026010) келісімімді білдіремін (бұдан әрі – «Келісім»).

1. Пайдаланушы https://cashradar.kz/ мекен-жайы бойынша Интернет желісінде (бұдан әрі – «Сервис») орналасқан сайтта «Мен ақпараттық және жарнамалық жіберілімдерді алуға келісімімді беремін» мәтінінің жанындағы чек-боксте қанат белгісін қою, және өзімнің дербес деректерімді ұсынғаннан кейін, «Жалғастыру» батырмасын басу арқылы ақпараттық және жарнамалық жіберілімдерді алуға өз келісімімді білдіремін.

2. «Перфоманс КЗ» ЖШС дербес деректерді өңдеуді Сервисте ашық қолжетімділікте орналастырылған «ПерфомансКЗ» дербес деректерді өңдеу саясатына сәйкес жүзеге асырады.

3. Осы келісім Пайдаланушының ақпараттық және жарнамалық жебірілімдерді алуға жазбаша келісімі болып танылады. «Перфоманс КЗ» ЖШС Пайдаланушыдан алынған Келісімге сәйкес, Пайдаланушыға Сервиске тіркеу кезінде пайдаланушымен көрсетілген Пайдаланушының электрондық поштасының мекен-жайына (Жеке кабинеттегі электрондық поштаның мекен-жайлары кейіннен өзгерген жағдайда – сервистегі Жеке кабинетте көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына), сонымен қатар Сервисте тіркеу кезінде көрсетілген Пайдаланушының мобильдік телефонының нөмірі бойынша ақпараттық және (немесе) жарнамалық хабарламалар жібереді.

4. «Перфоманс КЗ» ЖШС Пайдаланушыға келесіні мазмұндайтын ақпараттық және жарнамалық материалдар жібереді:

4.1. «Перфоманс КЗ» ЖШС қызметі мен ұсыныстары туралы ақпарат;

4.2. Кредиторлар көрсететін қаржы қызметтері туралы ақпаратты қоса алғанда, «Перфоманс КЗ» ЖШС кредиторларының қызметі мен ұсыныстары туралы ақпарат.
Кредитор ретінде «Перфоманс КЗ» ЖШС шарт жасасқан және «Перфоманс КЗ» ЖШС-нің Сервисте орналастырылған дербес деректерді өңдеу саясатына сәйкес «Перфоманс КЗ» ЖШС Пайдаланушының дербес деректерін табыстауға құқылы болатын заңды тұлға түсініледі.

5. Пайдаланушы «Перфоманс КЗ» ЖШС-нің Пайдаланушыға ақпараттық және жарнамалық материалдарды тәуліктің кез келген уақытында жіберуге құқылы екендігіне келісімін білдіреді.

6. Келісім 10 (он) жыл мерзімге беріледі. Пайдаланушы осы тармақта көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін «Осы жіберілімге сырғытпа жауап беру үшін, сілтеме бойынша өтіңіз» мәтінінің жанындағы, «Перфоманс КЗ» ЖШС жіберілген электрондық хатта мазмұндалатын гиперсілтемені басу және «Орындау» батырмасын басу арқылы еркін білдіруді растау арқылы, немесе «Перфоманс КЗ» ЖШС-не Сервистегі нысанды толтыру арқылы жарнама алудан бас тарту туралы өтінішті жібере отырып, Келісімді қайтарып алуға құқылы. «Перфоманс КЗ» ЖШС Пайдаланушыдан Келісімді қайтарып алуды алған күннен бастап Пайдаланушыға ақпараттық және жарнамалық сипаттағы материалдарды жіберуді дереу тоқтатады.

7. «Перфоманс КЗ» ЖШС-нен ақпараттық және жарнамалық материалдарды алуға Пайдаланушының келісім берген күні 01.12.2022 жыл.

Деректемелері
«Перфоманс КЗ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

БСН: 210440026010

Орналасқан жерінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалинский район, Проспект Нұрсұлтан Назарбаев, дом 113/55, н.п. 40

Телефон: +7 (705) 927-77-71

Электрондық поштаның уәкілетті мекен-жайы: hello@cashradar.kz

money icon
Шағын несиеге бірыңғай өтінім